Референдум-2026

Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады

Бүгін, 12:08
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының Білім басқармасы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, 10 тамызда тағылымды челлендж бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Аталған бастамаға «TANYM» көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттауда. Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Абай күніне орай балалар кітапханасында әдеби-мәдени іс-шара өткені туралы жаздық.