Астананың «Байқоңыр» ауданындағы айналма жол аймағында жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Соқтығыс салдарынан жолаушылар түрлі жарақаттар алды.
«Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен бір жолаушыны босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады. Құтқарушылар келгенге дейін басқа жолаушыларды куәгерлер шығарған», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жарақат алған барлық жолаушылар ауруханаға жеткізілді.
Бұған дейін астаналық өрт сөндірушілер он екі қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірген болатын.