Астаналық спортшы Қытайда өткен турнирде екі медаль жеңіп алды
14 қараша, 2025
Астана қаласы әкімдігінен
Астаналық гимнасшы Айғаным Рысбек халықаралық турнирде күміс пен қола жүлде иегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қытайдың Бейжің қаласында өткен халықаралық турнирде ел намысын қорғаған астаналық жас гимнасшысы Айғаным Рысбек тамаша нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынға ие болды.
Аталмыш жарысқа 30 елдің үздік гимнасшылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Айғаным жоғары шеберлік танытып, доп жаттығуы бойынша 24,25 балл жинап, қола медаль, ал лентамен орындаған бағдарламасы үшін 25,75 балл жинап, күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Айғанымның жаттықтырушысы – Меруерт Балғынбаева, ал хореографы – Сая Айдыс.
Ұқсас жаңалықтар
28 сәуір, 2026
Елордалық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды
28 сәуір, 2026
Астаналық оқушы әр қазақстандықтың қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
27 сәуір, 2026
Астаналық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионатта топ жарды
27 сәуір, 2026
Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды