Референдум-2026

Астаналық арулар Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

11 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық арулар Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
Астана қаласы әкімдігінен

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде асық атудан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл бәсекеде астаналық арулар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байрақты бәсекеге 10 мемлекеттен үздіктер қатысып, шеберліктерін ортаға салды.

Ел намысын қорғаған елордалық арулар ең үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бес асық бойынша жарыста Камила Даниярова алтын медальға ие болса, Назерке Әуелбаева күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жарыс ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Спорт қорының» демеушілігімен ұйымдастырылды.