Референдум-2026

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді
Коллаж: elordainfo.kz // t.me/qr_tjm

Бүгін Астана қаласының Ш. Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балконда өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалын жетінші қабаттың балконына және ішінара сегізінші қабаттың балконына таралған.

«ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің пәтер ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін елордада құтқарушылардың ағаш басынан түсе алмаған екі мысықты иелеріне табыстағанын жазған едік.