Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы дала даңғылы мен Р1 көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 19-20 шілде күндері бұл учаске ішінара жабылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», деп хабарлады қала әкімдігі.

Еске салсақ, Астанада қала маңына қатынайтын жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.