Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
7 қыркүйек, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Марал көпірі (М2) бойындағы деформациялық тігістер бойындағы жол төсемін қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 6 қыркүйек күні сағат 15:00-ден 8 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірімен екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
15 наурыз, 2026
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
15 наурыз, 2026
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
15 наурыз, 2026
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды