Астанада А.Кравцов көшесінің бір бөлігі жартылай жабылады

19 тамыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада А.Кравцов көшесінің бір бөлігі жартылай жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 19-22 тамыз аралығында А.Кравцов көшесінің Ш.Уәлиханов көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды.