Астанада А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

24 сәуір, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада А.Байтұрсынұлы көшесінің А-52 көшесінен С.Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 24-27 сәуір аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылады.