Бүгіннен бастап №84 бағдарға қосымша үш автобус шығарылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Желіде жүретін автобустардың жалпы саны 19 бірлікті құрайды.
Бағдардағы автобустар санының артуы күту уақытын қысқартып, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді», - делінген City Transportation systems ЖШС хабарламасында.
Қоғамдық көлікті жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.