12 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа әуе тасымалдаушысы – «FlyOne Armenia» әуе компаниясы қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады.
Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.