Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты
17 сәуір, 2025
Фото: canva.com
Алтынның биржадағы құны жаңа тарихи шекті еңсеріп, бір троя унциясы үшін 3 301,62 долларға жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Comex биржасындағы маусым айындағы алтын фьючерстері 1,89%-ға, яғни 61,22 долларға қымбаттаған. Бұл көрсеткіш алтын бағасының рекордтық деңгейге жеткенін білдіреді.
Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының күрт өсуіне Қытайдың АҚШ-қа қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізуі себеп болған. Геосаяси шиеленістер аясында алтын дәстүрлі «қауіпсіз актив» ретінде сұранысқа ие болып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68%-ы Қазақстан экономикасында шоғырланған
14 наурыз, 2026
Астанадағы айырбастау пунктеріндегі бүгінгі валюта бағамы
13 наурыз, 2026
АШМ мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беруді бастады
13 наурыз, 2026
Цифрлық жаңғырту: Еліміздің тау-кен өндіру кәсіпорындарына ЖИ мүмкіндіктері енгізіліп жатыр