Астанада сталкинг жасап, алты ай бойы әйелді аңдыған қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Ер адам байланысты тоқтату талабын, мессенджердегі бұғаттауды ескерместен жәбірленушінің үйіне және жұмыс орнына келіп, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен.
Сот үкімімен айыпталушы сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, оған моральдық залалды өтеу міндеттелді.
Оның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
«Алты ай бойы аңдыған»: Астанада сталкинг жасаған ер адам сотталды
10 ақпан, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан/elordainfo.kz
Ұқсас жаңалықтар