Алматыда архивтік жазбалар негізінде әзірленген аудиокітаптар таныстырылды

20 наурыз, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Алматыда архивтік жазбалар негізінде әзірленген аудиокітаптар таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві базасында дайындалған ертегілер жинағы – аудиокітаптардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба «Мектеп» баспасымен бірлесіп жүзеге асырылған. Алғашқы басылым қазақ тілінде жарық көріп, 16 ертегіні қамтиды.

Аудиокітаптарды қазақ өнерінің көрнекті өкілдері – Серке Қожамқұлов, Торғын Тасыбекова, Қасым Жәкібаев, Райымбек Сейтметов дыбыстаған.

Басылымның ерекшелігі – ертегілер мәтінмен қатар ұсынылып, QR-код арқылы кәсіби орындаудағы дыбыстық нұсқасын тыңдауға мүмкіндік бар.

Іс-шарада жобаның жүзеге асу барысы таныстырылып, фольклорлық мұраны сақтау және насихаттау мәселелері талқыланды.

Бұдан бұрын майдангер қаламгерлердің шығармасы аудиокітап форматында шыққанын жазған едік.