Референдум-2026

Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды - ВИДЕО

Бүгін, 14:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды - ВИДЕО
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында полиция қызметкерлері жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілерді анықтауда Жедел басқару орталығының қызметкерлері зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктілердің жүріп өткен бағытын жедел қалпына келтіріп, олардың жеке басын анықтады.

Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдауға кіріскен. Қысқа мерзім ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адамның да жеке басы анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, заманауи бейнебақылау жүйелері мен Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері қылмыстарды ашуда маңызды құрал болып табылады. Олардың көмегімен күдіктілердің қозғалыс бағыттарын жедел бақылауға, полиция жасақтарының іс-қимылдарын үйлестіруге және қылмыстарды ашу мен қылмыскерлерді ұстауға қажетті уақытты едәуір қысқартуға мүмкіндік бар.

Еске салсақ, Астанада көлік жүргізу құқығы жоқ 18 адам анықталды.