Референдум-2026

Алан Құрманғалиев АҚШ-та үстел теннисінен жеңімпаз атанды

Бүгін, 13:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Алан Құрманғалиев АҚШ-та үстел теннисінен жеңімпаз атанды
Фото: olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.

Ал финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Еске сала кетейік, қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде чемпион атанды.