Ақтөбеде шахтерлер мен қызметкерлерге 213 миллион теңге жалақылары төленбеген
25 желтоқсан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық прокуратурасы «Оңтүстік шахта құрылыс» ЖШС-нің 156 жұмысшыға 165 млн теңгеден астам жалақы төлемеу дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға «ҚазХром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ЖШС құрылтайшысы да шақырылды.
Қабылданған шаралармен жалақы қарызы толығымен өтелді.
Сондай-ақ Шалқар аудандық прокуратурасымен «Ұлы Борсық» КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:20
Мьянма өкілі: Қазақстандағы референдум тәжірибесі басқа елдерге пайдалы болуы мүмкін
Бүгін, 18:15
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
Бүгін, 15:33
«Ел Дауысы» байқаушылары референдумды бақылаудың алғашқы қорытындыларын шығарды
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды