АҚШ-та торнадодан 40 адам қаза тапты
18 наурыз, 2025
Фото: Reuters
АҚШ-тың орталық және оңтүстік штаттарына сұрапыл құйын соққы берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 6 штатта алапат құйыннан қаза тапқан адам саны 40-қа жеткен.
Табиғи апаттан әсіресе Миссури штатты ең көп зардап шекті. Онда 12 адам қайтыс болған. Ал Канзас штатында бір мезетте 50 көлік апатқа ұшырады.
Оклахомада қатты желден 150 өрт ошағы тіркелген.
Бұған қоса құйын кезінде 4 пойыз аударылды. Штатта төтенше жағдай жарияланған. 350 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалды. Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, қауіпті құйын тағы көтерілуі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
26 сәуір, 2026
Қазақстан бітімгерлері Сирияда гуманитарлық акция өткізді
17 сәуір, 2026
Қазақстан спутниктен алынған деректерді экспортқа шығарып жатыр ма
15 сәуір, 2026
Ғарыш саласы еліміздің экономикасына қандай пайдасын тигізуі мүмкін
13 сәуір, 2026
Жаһандық мәселе: орбитадағы қалдықтарды кім тазалайды