АҚШ-та президенттікке үміткерлер дебат өткізді
12 қыркүйек, 2024
Фото: Elordainfo.kz
АҚШ-та президенттікке үміткер Дональд Трамп пен Камала Харрис тікелей эфирде пікірталас өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ABC News» сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, эфирде үміткерлер экономикадан бастап сыртқы саясатқа дейін әртүрлі тақырыпта пікірлерін ортаға салды сондай-ақ көптеген тақырыпта қарсыласын айыптады. Мұнда Дональд Трамп 42 минут 52 секунд, ал Камала Харрис 37 минут 36 секунд сөз сөйлеген.
Айта кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау 5 қараша күні өтеді. Камала Харрис демократ партия, ал Дональд Трамп Республика партиясының атынан сайлауға түсіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Референдум: Шетелдегі 9 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс берді
13 наурыз, 2026
Татарстанда жаңа Конституция жобасы таныстырылды
13 наурыз, 2026
Швецияда Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды
11 наурыз, 2026
Бельгияда қазақ жастары алдағы республикалық референдумды талқылады