00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Волонтерлер астаналықтарды алдағы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

14 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Волонтерлер астаналықтарды алдағы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Фото: «Астана жастары» жастар ресурсық орталығы

Астанадағы Есіл жағалауында волонтерлер Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы акция өткізді. Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурсық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Еріктілер елорда тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің Мемлекеттік Туы бейнеленген жалаушаларды таратты.

«Бүгін мереке қарсаңында біз, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері, елорда тұрғындары мен қонақтарына жалаушалар тараттық, айтулы күнмен құттықтай отырып, ел тәуелсіздігінің маңыздылығын тағы бір еске салдық», – деді волонтер Айдан Байғандыев.

Қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған іс-шара отансүйгіштікке шақыратын нағыз мерекеге айналды. 

«Мұндай шаралар бізді бір-бірімізге жақындата түседі және бейбітшілік пен тәуелсіздіктің қаншалықты маңызды екенін еске салады», - деп өз әсерімен бөлісті астаналық Алмагүл Қасенова.