03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мәслихат депутаттары бюджетті тиімді жоспарлау мәселелерін талқылады

|
Photo: Фото: instagram.com/tzeinulkabden
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мәслихат депутаттары бюджетті тиімді жоспарлау мәселелерін талқылады

|
Photo: Фото: instagram.com/tzeinulkabden

Бүгін Астана қаласының Тексеру комиссиясының отырысында мәдениет, техникалық және кәсіптік білім беру салаларындағы заң бұзушылықтар қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жиі кездесетін жүйелі мәселелер қатарында – есептік ақпараттың бұрмалануы, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, мақсатсыз пайдалану және басқа да олқылықтар бар.

Аудит нәтижелері бойынша тек Мәдениет басқармасы мен оның қарамағындағы ұйымдарға қатысты 20 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті уәкілетті органдарға жолданды.

«Астана мәслихатының депутаттары Тексеру комиссиямен бірлесіп, мемлекеттік органдар басшыларының қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық бұзушылықтарды азайту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында жұмысты жалғастырады. Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде тағы да ұсыныс жасалды», - деп жазды Астана мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗