Елордада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылады

19 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылады
фото: Оңалхан Өнерхан

Тәуелсіздік даңғылының Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Осыған байланысты, 20-25 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет»,- делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

фото: Астана қаласы әкімдігі