03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада LRT рельс жолдарының 50 пайызы төселді

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада LRT рельс жолдарының 50 пайызы төселді

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі

 Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды. Бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50 пайызын құрайды.

«Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскелерде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары негізгі нысандардың — «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр»,- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыстар қалыпты режимде атқарылуда. Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗