00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «KazAgro/KazFarm-2024» көрмелері өтеді

Елордада «KazAgro/KazFarm-2024» көрмелері өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

22-24 қазан күндері Астанадағы «EXPO» ХКО кешенінде «KazAgro/KazFarm-2024» көрмелері өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл көрмелерді Халықаралық көрме компаниясы «Expo Group» ұйымдастыруда. Іс-шара аясында 20 000 шаршы метр алаңда 20 елден 250 үздік агроөнеркәсіп компаниялары жиналады. Германия серіктес мемлекет ретінде қатысып, 40 неміс компаниясы инновациялық өнімдерін таныстырады.

Көрмелердің негізгі бағыттары KazAgro – өсімдіктану, ал KazFarm – мал шаруашылығына арналған. Қатысушылар халықаралық сарапшылардан озық технологиялар мен өзекті мәселелер туралы мәлімет ала алады.

Сондай-ақ, келушілерді «Open Office» күтеді – ауыл шаруашылығы вице-министрлері мен агробизнестің өкілдері қатысатын консультациялық пункттер, онда қаржы, жер мәселелері, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және АӨК-тегі инвестициялар туралы талқыланатын болады.

Көрмеге кіру тегін.