Депутаттық корпус өкілдерімен бірге Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінің куәсі болдым - Табиғат Зейнұлқабден

4 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Депутаттық корпус өкілдерімен бірге Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінің куәсі болдым - Табиғат Зейнұлқабден
Фото: Табиғат Зейнұлқабден/Instagram

Бүгін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Мемлекет басшысының қатысуымен Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Бұл іс-шараға депутаттық корпус өкілдерімен бірге Астана қаласы мәслихаты төрағасы Табиғат Зейнұлқабден де қатысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Бұл салтанатты дәстүр 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Шара аясында елорданың тұрғындары мен қонақтары биіктігі 111 метрлік тұғырға еліміздегі ең үлкен – 450 шаршы метрлік Тудың көтерілген сәтіне куә болды.

Рәсімнің ерекше сәттерінің бірі – Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ және ТЖМ жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсыру болды. Жас лейтенанттарға погондарды ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы табыстады», - деп жазды Астана қаласы мәслихаты төрағасы.