Қазақстанда күн ысып, қатты жауын жауады


2025 жылдың 12-14 маусымы аралығында Қазақстанда күн қатты ысып, жауын жауады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, оңтүстік өңірге 30-38 градус ыстық келеді. Солтүстік өңірлерде күндізгі күн райы 25-33 градус ыстық болса, кейбір өңірлерде қатты жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Айта кетейік, бүгін, 11 маусым күні Қазақстанның түгел аймағында күн ысып тұр.
Күндіз Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Абай облысының оңтүстігінде 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус ыстық.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус ыстық.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус нөлден жоғары, күндіз 33-35 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 5-10, екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 33-35 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус ыстық.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус ыстық.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз 33-35 градус ыстық.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары.
Ақтөбеде күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 градус ыстық.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады – түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус ыстық.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус ыстық.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус ыстық.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус ыстық.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус ыстық.
Таразда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус ыстық.