Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады


Астанада Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 10-15 маусым аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана болады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», - делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдері 2023 жылы Тұран даңғылы Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде, ал 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жұмыс жүргізілгенін еске салды.