03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада спорт журналистикасы бойынша семинар өтеді

|
Photo: фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада спорт журналистикасы бойынша семинар өтеді

|
Photo: фото: freepik.com

2025 жылғы 30 маусымда «Қазақстанның спорт журналистикасы: дәстүрден цифрлық трансформацияларға дейін» атты спорт журналистикасы бойынша семинар өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Курс аясында аналитикалық және шолу материалдарын дайындау ерекшеліктері, спорт журналистикасындағы жасанды интеллектінің рөлі, БАҚ-тың спортшы имиджіне әсері, танымал спортшылармен сұхбат жүргізу ерекшеліктері және т.б. тақырыптар талқыланады.

Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған Халықтың медиасауатын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Спикер ретінде «Qazsport» телеарнасының өкілдері сөз сөйлейді.

Іс-шара өтетін мекенжай: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы, 4-қабаттағы коворкинг.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗