Астанада Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы С.Сейфуллин көшесінің Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 26 шілде мен 6 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы алдымен Республика даңғылына қарай, кейін Бейбітшілік көшесіне қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:04
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды