00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада биыл 30 қоғамдық кеңістік ашылды

4 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада биыл 30 қоғамдық кеңістік ашылды
фото: Жеңіс Қасымбек/ instagram.com

Биыл қаланы көркейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 140-қа жуық аула мен 30 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын пайдалы өткізетін тартымды орындар көптеп ашылды.

«Мәселен, тұрғындар Мәңгілік ел даңғылы, Әлихан Бөкейхан және Орынбор көшелерінің квадратында орналасқан учаскені абаттандыру мәселесін көтерді. Біз бұл жердегі саябақты абаттандырдық. Ол бірнеше функционалды аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысы түрлі топтағы келушілерге арналған. Бұл маңайда серуендеу алаңы, демалысты жайлылықта өткізуге арналған аймақ – мұнда мәдени іс-шараларға арналған шағын амфитеатр, көгалдандырылған аймақ, балаларға арналған ойын алаңы – түрлі кешендері бар ойын алаңдары, әткеншектер мен құмсалғыштар болады. Қазіргі уақытта соңғы жұмыстары жүріп жатыр», - делінген жазбада.

Сонымен қатар, «Жастар» саябағы айтарлықтай өзгерді. Мұнда скейт-парк, памп-трек, ойын аймағы және т.б. орнатылды. Саябақ аумағында қазіргі заманғы «Сана» спорт кешені де жұмыс істейді.

Биыл қаланың вокзал маңы мен оған іргелес жатқан Біржан Сал және Гете көшелері абаттандырылды. Вокзал маңындағы көшелердің жалпы ұзындығы – 1,5 км. Сол сияқты мұнда 5 қоғамдық кеңістікті абаттандыру қарастырылды.

«Тәуелсіздік сарайының алдында орналасқан «Қазақ Елі» алаңында жалпы ауданы 13 га аумақты абаттандырып, көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Бұл жұмыспен қаланың барлық ауданын қамтыдық. Келесі жылы да аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек.