Астанада 50-ге жуық бизнес иелері жетекші сарапшылардан білім алды

18 маусым, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 50-ге жуық бизнес иелері жетекші сарапшылардан білім алды
Фото: ұйымдастырушылардан

Қазақстандағы заманауи бизнеске идеялар ғана емес, өсу үшін нақты құралдар да қажет. Астанада Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Shell компаниясының қолдауымен өткен Shell LiveWIRE бизнес-конференциясының аудиториясына дәл осындай маңызды ой жеткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астанада өткен конференция кәсіпкерлерге бизнестегі тәжірибелі мамандардан жинақы әрі мазмұнды білім алуға, бизнесті қалай масштабтау керек, мықты брендті қалай қалыптастыру және командамен тиімді жұмыс істеу жолдарын түсінуге мүмкіндік берді. Сарапшылардың баяндамаларын, тікелей қарым-қатынасты және нақты кейстерді біріктірген формат белсенді даму кезеңінде жүрген кәсіпкерлер үшін ерекше құнды болды.

Іс-шараның басты құндылығы Қазақстанда тұрақты экономиканы дамыту мен жұмыс орындарын ашуда маңызды рөл атқарып отырған шағын және орта бизнесті нақты қолдау болып табылады. Бір күннің ішінде 50-ге жуық шағын және орта бизнес иелері мен басшылар тәжірибелі мамандардан нақты инсайттар алып, сұрақ-жауап сессияларына қатысып, тұрақсыз нарық жағдайында бизнесті жаңа деңгейге қалай шығару керектігін талқылады.

Shell LiveWIRE – бұл Қазақстанда 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шағын және орта бизнесті қаржылық емес тұрғыда қолдауға арналған платформа. Бағдарлама кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, экономиканы әртараптандыруға және тұрақты іскерлік орта қалыптастыруға бағытталған. Конференция қатысушылары бизнесті масштабтау, стратегиялық бренд-менеджменттің практикалық құралдарына, сондай-ақ X, Y және Z ұрпақтарымен жұмыс істеу бойынша инсайттарға қол жеткізді.

«Қазақстанның батыс өңірлерінде шағын және орта бизнесті қолдау – тұрақты және инклюзивті экономика құру жөніндегі стратегиямыздың маңызды бөлігі. ЕҚДБ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын Shell LiveWIRE бағдарламасы арқылы біз кәсіпкерлерге негізгі дағдыларын дамытуға, инновацияларды енгізуге және үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайларына бейімделуге көмектесеміз», - деп түсіндірді «Шелл Қазақстан» компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Айгүл Барменқұлова.

Бағдарлама 8 жыл ішінде 2600-ден астам қазақстандық кәсіпкерге қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Тек 2024 жылы Shell LiveWIRE бизнес акселерациясынан 122 қатысушы өтті, олар елдің түкпір-түкпірінен келген 23 тәлімгер мен сарапшылардан оқыту мен жеке консультациялар алды.

«Бағдарлама аясында шамамен 2 млн еуро инвестицияланды, оның 600 мыңға жуығы өтеусіз гранттар түріндегі консалтингтік жобаларға жұмсалды. 83 консалтингтік жоба іске асырылды, 2000-нан астам қатысушы түрлі форматтағы іс - шараларға қатысып, 600-ден астам адам бизнес-акселерация бағдарламасынан өтті», - деді Айгүл Барменқұлова.

Shell LiveWIRE бағдарламасы тек білім беру бастамасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар кәсіпкерлік нарығын жүйелі түрде дамытады. Бұл ретте консультациялық көрсетілетін қызметтер мен басқа да қаржылық емес қолдау құралдарын ұсыну арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жоғары өсім әлеуеті бар шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше назар аудару қажет.