Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімін жариялады
5 маусым, 2025


Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Ұлттық банк бұл жолы да базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Шешім қабылданғанда нақты деректер, жаңартылған болжамдарды талдау мен инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау көрсеткіштері ескерілді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайыздан 16,5 пайызға дейін көтерген еді. Сәуірде базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:08
Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

1 тамыз, 2025
2024 жылы Қазақстанның экономикасы 5 пайызға өсті

31 шілде, 2025
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады

30 шілде, 2025
2025 жылы әлемдік экономика көрсеткіші 3% артады - Халықаралық валюта қоры