03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде алюминийді ішкі өңдеу көлемі екі есеге артты

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде алюминийді ішкі өңдеу көлемі екі есеге артты

|
Photo: Фото: freepik.com

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2024 жылы бастапқы алюминийді қайта өңдеу 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 54 мың тоннаны құрады. Биыл бұл көрсеткішті 93 мың тоннаға жеткізу жоспарланып жатыр. Ғалымжан Төребектің айтуынша, қазіргі уақытта өңделген алюминийден жасалатын өнім көлемі ұлғайды. 

«Биыл бастапқы алюминийді өңдеу нәтижесінде алюминді профильдарды шығару көлемін өткен жылмен салыстырғанда 16 мың тоннадан 25 мың тоннаға, немесе 36%-ға арттыру көзделген. Сонымен қатар, профильді өндіруге арналған цилиндрлік құймаларды шығару көлемі 16,4%-ға ұлғайтылмақ», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Сонымен қатар, 2029 жылға қарай алюминийді қайта өңдеу 163 мың тоннаға дейін жеткізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗