Қазақстандық кәсіпкерлерге TikTok арқылы сату тәсілдері үйретіледі


Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Райымбек Баталов «Орталық Азия — Қытай» іскерлік кеңесінің екінші отырысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Біз шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бағдарламалар туралы талқыладық. Сіздер қытайлықтардың тауарын қалай сатып, жарнамалап жатқанын көрген шығарсыздар. Олар тауарға жай ғана жарнама жасамайды, керісінше оның қаншалықты пайдалы және функционалды екенін көрсетіп жатады. Бізде де оқыту бағдарламасы бар. Қазір бұл бағдарлама шағын және орта бизнес үшін өте қажет. Ол TikTok-пен бірге жүзеге асырылып жатыр. Біз маркетплейстерге қалай кіру керек екенін үйретеміз. Осылайша шағын және орта бизнес өкілдеріне дайын өнімді қалай маркетплейс арқылы сатуға болатынын көрсетеміз. Бұл делдардасыз кәсіп жүргізуге мүмкіндіктер береді. Жалпы делдалдар қажет, ол өз алдына жеке бизнес, бірақ олар көп болған кезде нәтиже болмайды»,- деді Райымбек Баталов.