Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдарда 479 медициналық нысан салынды

Бүгін, 13:03
Айман Нығмет Айман Нығмет
Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдарда 479 медициналық нысан салынды
фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 479 медициналық нысанының құрылысы аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

 

Бұл ретте бұрын медициналық нысандар болмаған ауылдарда 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 176 МСАК нысанын аяқтау жоспарлануда. Ұлттық жобаның шеңберінде 5 климаттық және сейсмикалық аймақ бойынша эталондық жобалар әзірленді.

«Бұл жобалау мерзімдерін оңтайландыруға, МСАК нысандарын жобалау мен салуда шамамен 16,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобаларды қолданудың мультипликативтік әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді»,- делінген хабарламада.

Эталондық жобалардағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 80% - дан асты.