00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Бірқатар медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады

Бірқатар медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады
фото: freepik.com

Келесі жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде берілетін болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды. Олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге берілетін болады.

Осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:

- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы

- 075 / е «Медициналық анықтама»

- 026 / е «ДКК қорытындысы»

- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»

- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»

- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»

- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»

- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».