Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС-ті жою жөніндегі петицияға пікір білдірді


2025 жылғы 17 маусымда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жоюды талап еткен петицияға қатысты министрліктің ұстанымын жария етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жуырда ғана МӘМС жүйесін жою туралы петиция жарияланды. Осылайша қазақстандықтар денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымына наразы екенін білдірді.
«Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытуды қолдау саясатын жалғастырып келеді. Бұл – өркениетті әлемнің бір жетістігі екенін бәріміз түсінеміз. МӘМС – медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін жүйе», – деді Тимур Мұратов.
Сонымен қатар ол Қазақстанда ауруханалар мен емханалардың жекеменшік инвестициялар немесе бюджет есебінен салынып жатқанын айтты.
«МӘМС қаражаты есебінен медициналық нысандар салу қарастырылмаған», – деді вице-министр.



