00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Токиода өткен олимпиадада оқушылар 5 медаль жеңіп алды

17 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Токиода өткен олимпиадада оқушылар 5 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі сайтынан

Оқушылар физикадан халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Токиода физика бойынша халықаралық олимпиада аяқталды. Оған әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысты. Қазақстандық оқушылар төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды.

Ерсұлтан Пітебай - Алматы қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;

Алишер Еркебаев - Ақтөбе қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;

Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;

Досжан Бисимби - Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы;

Даир Нұртаев - Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

Құрама команданың жетекшілері – PhD докторы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің доценті Самат Мақсұтов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Андрей Сидоренко. 

Оқушылардың білімдері мен дағдылары екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур — эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырма қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлықты қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті, - деді  команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.

Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамота бар.