Түркістан облысында жас түлек Еуропадағы беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды

4 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Түркістан облысында жас түлек Еуропадағы беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды
Фото: Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы жас түлек бірнеше шетелдік жоғары оқу орынының білім грантына ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында білім алған жас түлек Әбубәкір Арманұлы Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алған.

Атап айтқанда, ол John Cabot University (Италия, Рим) университетінің 50 пайыз оқу грантын, American University of Paris (Франция) университетінің 70 пайыз оқу грантын, LCC International University (Литва) оқу орнының жартылай оқу грантын, сондай-ақ Xiamen University Malaysia университетінің 4 жылдық толық оқу грантын жеңіп алған.

«Бұл – шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі мен тәлім-тәрбиесі үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Әбубәкір Арманұлы Түркия үкіметінің Türkiye Bursları халықаралық шәкіртақы бағдарламасы, Болгариядағы American University in Bulgaria, сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де оң нәтиже күтуде.