Министрлік талапкерлерге арналған күнтізбені жариялады

Бүгін, 12:16
Айман Нығмет Айман Нығмет
Министрлік талапкерлерге арналған күнтізбені жариялады
фото: freepik.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбені жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

  • Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
  • ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
  • «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  • Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  • Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
  • Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі