Елордада жаңа жоғарғы оқу орны ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Мемлекет басшысы Астанадағы сапалы білім беру міәселесіне арнайы тоқталды.
Сапалы білім беру қызметінің қолжетімді болуы аса маңызды. Астанада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көптеген мектепте оқушылар саны жоспарлы межеден артық. Шын мәнінде, үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Қалада жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына басымдық беру қажет. Сондай-ақ 15 қосымша білім беру нысанын салу керек,деді Тоқаев
Сонымен қатар Президент елордада ұстаздық мамандығының жетіспеушілігін де атп өтті.
Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отыр. Жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады. Сондықтан, елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Сол арқылы салынып жатқан мектептерге қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік туады. Үкімет педагогикалық оқу орнын ашуды және көпбейінді аурухана салуды мұқият пысықтауы қажет. Қаражат мәселесін шешу керек.
Әділетті қоғамды құру үшін, ең алдымен, өскелең ұрпақтың жан-жақты, толыққанды дамуын қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мектептердегі білім беру ісі балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, инклюзивті әрі барлық бала үшін қолжетімді болуға тиіс,-деп атап өтті Мемлект басшысы.