Жүксалғыштағы 38 келі марихуана: Жамбыл облысында заңсыз есірткі тасымалдаушы сотталды

Бүгін, 17:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жүксалғыштағы 38 келі марихуана: Жамбыл облысында заңсыз есірткі тасымалдаушы сотталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Мойынқұм аудандық соты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сату үшін заңсыз сақтады және тасымалдады деп айыпталған М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылдың қазан айында сотталушы, алдын ала өз танысымен келісім бойынша Алматы облысының елді мекендерінің бірінде одан есірткі заты бар бірнеше жол сөмкесін алған. Ақшалай сыйақы үшін ол оларды Қарағанды қаласына жеткізуге келіскен. Сол күні Мойынқұм ауданындағы Екатеринбург-Алматы тас жолында полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, қызметтік ит тыйым салынған заттардың бар екендігін көрсеткен. Жүксалғышты тексеру кезінде 38 кг-нан астам кептірілген марихуана табылған.

М.-нің кінәсі тараптардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және сараптама нәтижелерімен дәлелденді.

Сотталушы есірткіні өткізуге ниеті болмағанын айтып, кінәсін ішінара мойындады.

Сот сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен М. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Есірткіні тасымалдау үшін пайдаланылған көлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұдан бұрын шетелдік басқарған алаяқтар тобы қазақстандықтарға 125 млн теңге шығын келтіргені туралы жаздық.