ЖИ кен орындарының жасырын сырларын анықтауға көмектеседі

ЖИ кен орындарының жасырын сырларын анықтауға көмектеседі
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Ұлттық геологиялық қызмет Astana Hub-пен бірлесіп геология саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне шығарды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба бойынша архивтік деректерді машина оқитын форматқа көшіру үшін OCR технологиялары мен заманауи тілдік модельдер қолданылады.

Жоба EPAM Kazakhstan компаниясының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін отандық QazTech және AlemCloud платформалары да атсалысып отыр.

Осы бастама аясында мамандар Data Science құралдары бойынша оқытылады, құрылымдалған деректер базасы жасалып жатыр, сонымен қатар GIS-іріктеуден өткен деректер базасы, интерактивті карта мен интеллектуалды чат-бот әзірленеді.

«Біздің мақсатымыз – интеллектті «геолог сияқты ойлауға» үйрете отырып, кен орындарының жасырын сырларын анықтауға қолдану», – деді Ж.Дүбірова.

Еске салсақ, мемлекеттік қызметке кадрлар цифрлық форматта іріктеледі.