Жеке педагогикалық сүйемелдеу көмегіне қандай оқушы жүгінетіні белгілі болды

Бүгін, 16:52
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жеке педагогикалық сүйемелдеу көмегіне қандай оқушы жүгінетіні белгілі болды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Білім саласындағы жаңашылдық оқуында қиындықтары бар, сабақтарды себепсіз жүйелі түрде қалдыратын, қоғамға жат мінез-құлық танытатын, құқық бұзушылық жасаған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға қатысты болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған өзгеріс 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңда көзделген. Норма биыл 2 наурыздан бастап күшіне енді. Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту бағытында жұмыс жүргізуде.

Балаларды педагогикалық сүйемелдеу аясында ұстаздар мен мектеп психологтары баламен жеке жұмыстар жүргізеді, ата-аналармен бірлесе іс-қимыл жасап, қажет жағдайда әлеуметтік қызметтер тартылады.

«Бұл шара тәуекел тобындағы оқушыларды ерте анықтауға және оларға білім беру ұйымдарында мақсатты психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған», - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Елорда мектептері мен балабақшаларында «Анаға арнау» мерекелік хор челленджі өтті.