Заңсыз ойын бизнесінен түскен 20,9 млн теңге мемлекет пайдасына тәркіленді

Заңсыз ойын бизнесінен түскен 20,9 млн теңге мемлекет пайдасына тәркіленді
Фото: pexels.com

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды. Ол бірнеше үй-жайды жалға алып, ойын автоматтарын орнатып, интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімділік берген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз қызметтен түскен табыс көлемі 20,9 млн теңгеден асқан. Сот үкімімен айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда бастапқыда заңсыз табысты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.

Жоғарғы Соттың түсіндірмесіне сәйкес, экономикалық құқық бұзушылықтан алынған табыс толық көлемде, ешқандай шығын шегерімінсіз мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс.

Бас прокуратураның кассациялық наразылығы нәтижесінде сот актілері қайта қаралып, өзгертілді. Қорытындысында сотталған азаматтан заңсыз жолмен тапқан 20 909 365 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Бұған дейін Ақмола облысында ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған әкесі мен баласы ұсталғанын жазғанбыз.