04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қыркүйек айында теміржол арқылы 1 млн тоннадан астам астық экспортталды

|
Photo: Фото: ҚТЖ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қыркүйек айында теміржол арқылы 1 млн тоннадан астам астық экспортталды

|
Photo: Фото: ҚТЖ

2025 жылдың қыркүйегінде теміржол көлігімен 1 млн тоннадан астам астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19% артық, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ҚТЖ желісі бойынша астықты тасымалдаудың жалпы көлемі бір айда 1,3 млн тоннадан асса (2024 жылғы қыркүйекке қарағанда +28%), оның ішінде республика бойынша 318 мың тонна (+71%) жөнелтілді.

Орталық Азия елдеріне 647 мың тонна (+44%) жөнелтілді, оның ішінде Өзбекстанға – 50%, Түрікменстанға – 73%, Қырғызстанға 4 еседен астам ұлғаю орын алды. Қара теңіз порттары бағытындағы экспорт 26%, Балтық порттарына экспорт 11 есе өсті.

2025 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 9,6 млн тоннаны (+40%) құрады, оның ішінде республика ішінде – 2,3 млн тонна (+33%). Экспортқа – 7,3 млн тонна (+43%), оның ішінде Орталық Азияға – 4,1 млн тонна (+34%), Ауғанстанға – 40%, Ақтау және Құрық порттары арқылы 3 есе, ал Балтық елдеріне 14 есе өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗