Халықаралық әйелдер күні мерекесінде қосымша вагондар шығарылады

Халықаралық әйелдер күні мерекесінде қосымша вагондар шығарылады
Фото: Жолаушылар тасымалы компаниясы

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.

Еске сала кетсек, Наурыз мейрамы қарсаңында пойыздарда 35 мың қосымша орын ұсынылады.