Ұлытау облысында прокуратура 10 мың азаматтың конституциялық құқығын қорғады

Ұлытау облысында прокуратура 10 мың азаматтың конституциялық құқығын қорғады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Адам құқықтарын қорғау, оның ішінде конституциялық құқықтардың сақталуын бақылау прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі. Бұл ретте Ұлытау облысының прокуратура органдары 9 727 азаматтың конституциялық құқығын қорғады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас пркуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәліметінше, Жаңаарқа ауданындағы «Жаңаарқа жылу» коммуналдық кәсіпорнында 115 қызметкерге қатысты зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген.

Сонымен қатар Жезқазған қаласында 5 954 мүгедектігі бар адамға мемлекеттік органдардың қажетті құжаттары рәсімделмеген, бұл аталған санаттағы азаматтардың кемсітушілікке ұшырауына әкелген.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырауда тозығы жеткен нысанға бөлінбек болған 389 млн теңге үнемделгенін жазған едік.