Ұлы Дала – жаңа Ата заң жобасында шегеленген ұғым
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңының жобасын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жаңа Конституцияның жобасында «Ұлы Дала» ұғымының көрініс табуы Қазақстанның тарихи жады мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын маңызды қадам болып табылады. Бұл ұғым мемлекеттің қалыптасуында ғасырлар бойы жинақталған рухани, мәдени және саяси тәжірибенің негіз екенін көрсетеді.
Ұлы Дала идеясы жаңа Ата заңда халықтың еркіндікке, әділеттілікке және бірлікке ұмтылысын бейнелейді. Ол ел дамуының сабақтастығын сақтап, ұлттық құндылықтарды заманауи құқықтық жүйемен ұштастыруға бағытталған.
Конституция жобасында бұл ұғымның шегеленуі азаматтардың тарихи жауапкершілігін арттырып, отансүйгіштік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Ұлы Дала тұжырымдамасы Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайтын идеялық-рухани тірек ретінде ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының толық мәтіні жарияланды.