28.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тоқаев: Өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет

|
Photo: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тоқаев: Өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет

|
Photo: akorda.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Осы аптада Президент Дональд Трамп АҚШ-тың технология саласындағы жаһандық үстемдігін қамтамасыз етуге арналған стратегиялық бастамасын жариялады.

Ол үшін жасанды интеллектінің бірыңғай платформасы құрылады. Бұл ғылыми зертханаларды, дата орталықтарды, цифрлық модельдерді және суперкомпьютер желісін біріктіретін ұлттық ақыл-ой алаңы болмақ. Аталған жүйе барлық аса маңызды бағыт бойынша жаңа технологиялар мен материалдарды әзірлеуге тың серпін береді. Ол жартылай өткізгіштерден бастап роботты техникаға дейінгі, ядролық энергетикадан бастап биомедицинаға дейінгі салаларды түгел қамтиды. Бұл арада зерттеу жобасы жайында емес, АҚШ-ты осы салада әлемдік көшбасшыға айналдыратын толыққанды платформа жөнінде әңгіме болып отыр.

Мұны іске асыру үшін бір жылға жетер-жетпес мерзім беріліп отыр. Сол себепті бізге де шара қолдану керек. Әлбетте, Қазақстан жаһандық ауқымдағы көшбасшылыққа таласпайды. Бірақ өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет. Ойланып-толғанып жүруге уақыт аз», - деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗